Қазақстан • 04 Шілде, 2017

АҚШ - Қазақстан достығы ЭКСПО-2017 көрмесінде мерекеленеді

475 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

АҚШ Тәуелсіздік күні мерекесі осы шілдеде жер шарының біз үшін ар жағындағы Қазақстанның бас қаласы Астанада, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесінде жүздеген ел өкілдері мен есепсіз қонақтарымен бірге атап өтілмек. АҚШ павильоны өз есігін Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп жатқан халықаралық көрме алаңында 10 маусымда ашты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар АҚШ америкалық технологиялар арқылы болашақ энергиясына қалайша жететіндігін өз көзімен көре алады. Мерекемізге барша қонақтарды шын жүректен шақырамыз.

АҚШ - Қазақстан достығы ЭКСПО-2017 көрмесінде мерекеленеді

Айта кететін жайт, бұл осы аптаның жалғыз мерекесі емес. 6 шілде күні Қазақстан өзінің бас қаласы Астананың 19-ші туған күнін атап өтпекші (қала тез арада менің екінші үйіме айналып үлгергені де рас. Астана жаңадан туған қаладан тез арада осы жылдың ең ірі жаһанды іс-шарасы өтетін орынға айналғаны таң қаларлық.

АҚШ пен Қазақстанның маңызды мерекелерінің бір-біріне жақын тұрғанының өзіне мәні де бар шығар. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы, екі ел өзара ынтымақтастық пен сыйластықтың арқасында 25 жыл ішінде қарым-қатынастарда біраз табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі АҚШ павильоны осы қатынастар беріктігінің нақты дәлелі болуда.

АҚШ павильоны ЭКСПО-2017 “Болашақ энергиясы” тақырыбымен шабыттанып, сарқылмас энергия көзі әрқайсысымыздың ішінде деген идеясын жеткізгісі келеді. Өзіміздің энергиямыз арқылы біз таң қаларлық нәтижелерге жеткізетін инновацияларды ынталандырамыз. АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастардың энергетикасы Америка павильонын идеядан шынайы нәтижеге әкелгені сөзсіз. АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестік тек саяси лидерлер арқасында ғана емес, жеке сектор мен адамдардың арасындағы қатынастардың арқасында нығайа түсті.

Қазақстанмен берік серіктестік сақтау Американың шетелдегі мүдделері үшін өте маңызды. Экономиканы либеризациялау үдерісі арқасында Қазақстанның нарықтары тартымды бола бастады. Бұл жерге тағы Қазақстанның энергетикалық ресурстарын, географиялық орналасуын және демографиялық жағдайын қосуға болады. Осы сипаттамалар елдің халықаралық  терроризммен күресудегі рөлімен қатар Қазақстанды әлем төріне шығарады. Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы рөлі ұлғайа түсті, елдің жақында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы осыны дәлелдейді. Бұл тарихи оқиға (Орталық Азия елі алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне кірді) БҰҰ Бас Ассамблеясындағы Орталық Азия өңірінің маңыздылығын нығайтты.

Америка Құрама Штаттарымен достық қарым-қатынастар Қазақстан үшін де маңызды. Бұл мемлекет қарқынды өсіп келе жатқан экономикасының либеризациясында біраз жетістіктерге жетті. АҚШ, дүние жүзінің ең ірі либералды экономикасы бола тұра, Қазақстанның халықаралық саудасын кеңейтуде тиімді серіктес болуда. Қазақстанның алда қойған мақсаттарына жетуге америкалық инвестициялардың өсімі зор үлес қосады деп сенімдімін. Елдің дамып келе жатқан нарығында американдық компаниялар бизнес жүргізудің шынайы серіктестері болып қабылданады. Қазақстанның түрлі елдер мен парадокстардың басын қосу қабілеттілігі Американы, оның алшақтығына қарамастан, Еуразия мен Ұлы Жібек жолының жүрегінде орналасқан өңірдің тартымды серіктесіне айналдырады.

Осы жазда мен көрме қонақтарын АҚШ павильонына келіп, адам энергетикасының қуатымен шабыттануға шақырамын. Сонымен қатар, АҚШ павильоны Астана мен Вашингтон достығы арқасында салынған екенін ұмытпауын сұраймын. Павильон бетондық іргетас пен қаптамадан емес, АҚШ пен Қазақстан арасындағы шынайы достық байланыс негізінде салынған.

АҚШ Тәуелсіздік күні мен Астана күні құтты болсын!

Джошуа Уолкер,

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі АҚШ Павильонының президенті